Қалбатау ауылында спорт кешені ашылды
2014 жылдың 19 наурызында «Наурыз мерекесі» қарсаңында Жарма ауданында үлкен іс-шара өткізілді. Жарма ауданының балаларына арналған, облыс бойынша ең үлкен спорт кешенінің бірі ашылды. Спорт кешені Жарма ауданының тумасы, грек-рим күресінен олимпиада чемпионы, Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Даулет Болатұлы Тұрлыхановтың демеушілігімен салынды. Кешенге Болат Тұрлыхановтың аты берілді.
Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінің ашылуына облыс әкімі Б.Сапарбаев, Олимпиада чемпионы А.Карелин келіп қатысты. Салтанатты ашылу рәсіміне келген қонақтар Ресей және Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының грек-рим күресінен жолдастық кездесуін тамашалай алды.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев, Д.Тұрлыханов, А.Карелин және ауданымыздың басқа да қонақтар Қалбатау ауылының орталығында «Мәңгілік ел» монументінің ашылу рәсіміне қатысты.
Мерекелік іс-шаралар әрі қарай ауданның орталық алаңында концертпен жалғасты. Аудан тұрғындарына Қазақстан эстрада жұлдыздары Н.Ескалиева, Ж.Сейдоллаұлы, М.Арынбаев, «Азия» тобы өз өнерлерін көрсетті.