«Мейірім» акциясы өтті
Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша, Зайсан аудандық оқу бөлімінің ұйымдастыруымен орталық Мәдениет үйінде 05 наурыз 2014 жылы сағат 15 -00 де «Мейірім» акциясы өтті.
Шараның мақсаты аудан бойынша қамқоршылыққа алынған жетім балаларға көмек қолын созу болды. Мұрағат ұжымына Қаратал ауылының 5 -сынып оқушысы Кобенов Санжар бекітіліп берілген. Осы жетім балаға мұрағатшылар ақшалай көмек көрсетіп шараға ат салысты.