Еңбегімен құрметті, асыл жандар
Қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелері аналар мен балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік шапағатын көріп отырған аналар шүкіршілік етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында отбасының тірегі, жанұяның шаттығы – әйел адамдардың қоғамдағы рөлі мен қадір қасиетін ескеріп, келелі мәселелерді назардан тыс қалдырмаған емес. Біз Президентіміздің аналар үшін жасап отырған қамқорлығына ризамыз.
Қоғам кандай кезенде болғанда да аналардың атқаратын рөлізор. Сондықтан әйел затына сенім артылып, ауыр да қиын мәселелердің басын шешуге көбірек жұмылдырады.
Елбасы 50 елдің қатарына кіру үшін жоғары технологиялы өндірісті енгізіп отыр. Біздің аудан мұрағатшылары да еңбекке деген ынталары арта түсуде. Халыққа қызмет ету жолындағы енбектерін бағалай отырып, бір-біріне көмек көрсетуде. Аудан мұрағатына енбегімен еленіп құрметке бөленіп жатқан қызметкерлер аз емес. Көктемнің шырайлы күнімен келіп жеткен наурыз мейрамы әйел адамзатын баурап алмақ. Халықтың алғысына қанағаттанған қызметшілер өз ризашылықтарын білдіреді.
Біздің ұжымда еңбегімен еленіп, алғыс хат, мадақтамаларымен марапатталған іскер азаматшаларымыз баршылық. Атап айтсақ, Елена Цой, Гаухар Бекшенова, Жамал Сахарина, Динара Калиаскарова, Алмагуль Садуова. Еңбегімен еленген асыл жандарды әрқашан құрмет тұтамыз.