Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Саясаттанушымен кездесу

Кеңес кезінде біздің қаламызға  еліміздің әр аймақтарынан дәріс оқушы топтары  жиі келетін. Дәріс оқушы тобымен кездесулер мәдениет үйінде, ауылдық клубтарда және де мектептерде болды.   Зырян қаласында «Білім»  атты қалалық қоғам ұйымы жұмыс істеген. Осы қоғамның дәріс оқушылары мен адамдары, халықтың жүректерін  жандыратындай көптеген сол кезге сай маңызды басым ойларды әкелген.

Зырян қаласының мұрағатында жеке құрам  Кучер  Федор  Михайлович, дәріс оқушы – атеисттің құжаттары сақталуда.

Сол бір кездерде мемлекет пен діннің қарым – қатынасы бойынша  шамамен 30 лекция дайындалған еді. Оның қорында жинақталған «Дін мәдениетінің заңнамалары» 1918-1966 жылдар,  «Қазақ КСР кезіндегі діни бірігушіліктің жағдайы», 1976 жылы 26 наурызда  Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР Төралығының Жарлығымен бекітілген  құжаттарымен танысуға болады. Ф.М. Кучер өзінің дәрістерімен қаламыздың және ауданымыздың көптеген  мектептерінде, мекемелерінде  және де кәсіпорындарда  шыққан. Оның адамгершілік,  атеизм, мораль тақырыбындағы дәрістері мен сұхбаттары үлкен жетістіктерге жетті. Сол кездерде шет елдерден келе жатқан дінге үгіттеушілердің болғанының өзінде де,  біздің қаламыздың, ауданымыздың жастары  түрлі діни ағымдар мен секталарға   түспеу үшін ол өзінің көп күші мен уақытын осы іске жүктеді.  Идеологиялық либералды тәртіп күрт шыққан кезде, 1988 жылға дейін  атеизм КСР кезінде формальді түрде мемлекеттік көзқарас бойынша  жарияланбай тұрып, мемлекеттік билік органымен  және партиялылықтармен орнатылып қолдауда болды.  Осы саясат дурыс болды ма екен, бір жақты ой болмады да болмайды. Әр қилы діни әрекеттерге қарсы туру үшін, жастарға және қоғамға бұның алдын алу жұмыстары әлі күнге дейін өзекті мәселелерінің бірі болып қалды.   

2014 жылдың 14 ақпанында Зырян ауданының «Горняк» мәдениет орталығында   Шойкин Ғалым Нурмағамбетов – діни жұмыстары жақтарынан Қазақстан Республикасы Агенттігінің төрағасымен және Мухамеджанов Манарбек Азимбекович – Шығыс Қазақстан облысының діни жұмыстары жағынан директорымен  Зырян қаласының қоғам қайраткерлерімен  кездесу өткізілді.  

Шойкин Ғалым Нурмағамбетович – саяси ғылым кондидаты, 2003-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің   ішкі саясат секторының меңгерушісі болып қызмет етті. Саясаттанушымен кездесу өте қызықты өтті. Украинада болып жатқан жағдайға байланысты, тұрақты әрі тыныш еліміздің жағдайын қарастыру жақтарынан біздің жастарымызбен саяси  жұмыстар өткілуі тиіс.

Ғалым Нурмағамбетович  діни жұмыс жақтарынан Әкімшілігінің қызметкерлері не себепті және қандай мақсатпен еліміздің әр аумақтарына барып жүргендері туралы  әңгімелеп берді:

«Қазақстандықтар үшін осы тақырып өзекті мәселе болып келеді, әр түрлі дін конфессиясы бір бірімен  және мемлекетпен де  қарым  қатынас кезіндегі диалог әсіресе қарастырылады. Қазақстанда дінге сену мәселесі жағынан адам құқығына  аса үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет діни қауымның ішкі істеріне араласпайды. Діни орта заңнамалық және нормативті-құқықтық актілерімен және Конституция, Азаматтық кодекс, «Діни қайраткер және діни бірігушілік» заңын қоса қадағаланады».

Өзінің әңгімесінде Қазақстанның бүгінгі күні діни жағдайларға байланысты тағы бір маңызды жайды айта өтті:

«Еліміз күн өткен сайын ауысып отырғаннан кейін бізге жаңа бір шақыруларды алдымызға әкеліп қояды. Біздің еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін  1991 жылы алғаннан кейін діннің жақсы жақтарын аша бастағанда жаман жақтары да шықты.  Елімізге финанс пирамидасы принципы бойынша жұмыс істеушілер, азаматтардан ақшаларын алып және денсаулықтарына зиян келтіріп, қоғамымызға зиянын келтіріп отырғандар кіреді.  Жуық арада Қазақстанға діни экстремизм келіп, соған орай эктремалды  топтар мемлекетімізге тікке шығып қауіп төндіре бастады.

Осы байланысты мемлекетімізге және қоғамымызға болып жатқан жайтты қабылдап сұраныстарға  керекті шараны қолдануы қажет.

Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік – конфессионалды қарым – қатынас орнағаннан  кейін, елімізде әр түрлі  дінді адамдар арасында тең құқық әрі мүмкіндіктер де орнатылған және жақсы қарым –қатынас та орнатылды. Осындай  ұстанымдардың арқасында тарихымыздың, яғни тәүелсіздігімізді аларда қиын кезеңнен шығуға және  ұлтымыздың егемендігінің құрылуы кезінде  көп септігі тиді».

Шойкин Ғалым Нурмағамбетович  күнделікті қозғалып отыратын сұрақтарды да айта өтті. Тоқсаныншы жылдардан кейін көптеген адамдар көшелерде бізді тоқтатып, уйлерге барып діни кітаптардың мазмұнымен таныстырып қолымызға ұсынып, өз топтарына қосылуға үгіттейді. Ересек адамдар олардан бұрылып кетсе,  жас жеткіншектер, міне ғана ой –өрістері қалыптасып келе жатқан жастарды олар тез арада үгіттеп алуы да мүмкін, сонда жастар діни экстремизмнің ең осал торына түсе жаздауы да мүмкін еді. Сондықтан да, Ғалым Нурмағамбетович  біздің қоғамымыздағы діни экстремизмге профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін көңіл бөлу керек деп ескертті. Көбінде бұл жолға біздің жастар түседі, өйткені олар діни білімі төмен, ал әлеуметтік күту жағынан жоғары болып келеді. Бастапқы тәрбиені, ұстанымды ата – аналары береді, бірақта жамандыққа тұрақты әрі ұстанымды болмаса, әсіресе үйден тыс жерде, жастар лезде хабардың көп болатын жерін, яғни интернеттен  және тағы басқа жерлерден таба бастайды. Мінеки осылайша жастардың діни жолға шығуына негіз  болып шығады.

Біздің қаламызда қазір 6 кофессияны ұсынып отырған 12 діни бірігушілік бар.

Біз тұрып жатқан мемлекетіміздің саясатының бағыты бойынша интернационалды тәрбие беру,  соның нәтижесінде біздің елімізде шамамен 100 ұлт өмір сүреді.  

Соңғы жылдары ауқатты жанұялардағы жастардың арасында  суицидтің  өсүіне ықпал еткен діни радикализм және фанатизм деп есептеуге болады. Сондықтан да,діни фанатизмі мен радикализіміне қарсы тура алатындай , қоғамымыздың әлеуметтік – профилактикалық жағынан дамуын, өзгеруін дамытып, институттарда, мұғалімдерге, ата-аналарға, тәрбиешілерге ескетуіміз қажет.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru