Ерліктері ұмытылмайды
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай 15 ақпан 2014 жылы Зайсан қаласында «Ауған соғысына қатысқандардың» құрметіне қойылған ескерткіш -тақтаға гүл шоқтары қойылып, соңынан аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Біріккен Достық елдерінің (СНГ) қолбасшысы атынан «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл» толуына байланысты мерекелік төс белгілерді аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы майор Ж. Толыбаев тапсырды.
Ауған соғысына қатысушыларға аудан әкімі атынан маслихат хатшысы Д. Ыдырышев ақшалай және заттай силықтар тапсырды.
Бұл шараларға мұрағат ұжымы қатысты.