Еңбек жәрмеңкесі
Шығыс Қазакстан Облысы мәдениет,мурагаттар және кужаттама баскармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің Аягөз филиалы мурағатшылары Кенжебекова Жанар Оразовна мен Тагаев Талгар Алдашевич аудандык жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмыска орналастыру максатындағы еңбек жәрмеңкесіне катысуға шакырылды. Еңбек жәрмеңкесіне халыққа кызмет көрсету орталығының, аудандық білім бөлімінің, теміржол мекемелерінің, коммуналдық кызмет көрсету, ерікті мүгедектер қоғамының жауапты қызметкерлері мен жұмыс орнын іздеген азаматтар қатысты.
Мұрағатшы Ж.О. Кенжебекова Қазакстан Республикасының Президентінің «Қазакстан жолы – 2050: Бір максат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арналған Жолдауында мүмкіндіктері шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінгендігін, және мұрағатта Ахмешов А.Б. – 1 топтағы мүгедек, мұрағатшы болып, Алимбаев М.Ж.-3 топтағы мүгедек, күзетші болып жұмыс аткаратындығын айтып өтті.
Еңбек жәрмеңкесінің қорытындысына кейбір мекеме басшылары бос орындарға ұсыныс жасады.