«Қазақстан жолы -2050 -бір мақсат, бір мүдде , бір болашақ»
30 қаңтар 2014 жылы Зайсан мемлекеттік мұрағат филиалында Елбасы Нурсұлтан Назарбаевтың 17 қаңтар 2014 жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау үшін, Әділет басқармасы ұжымымен бірлескен талқылауы өтті. Жиынға аудандық Маслихатың бас маманы Қаламов Муратбек қатысып Жолдаудың ел үшін маңыздылығын атап өтті.
Мұрағат директоры В.Н. Козлов, мұрағатшылар А.Дюсюпжанова, Т. Майкенова, Қ. Смекеновалар, Әділет басқармасының қызметкерлері пікірлерін білдірді. Мұрағатшылар Рычкова М, Баяндина Н ұсыныстарын айтып өтті. Жолдауда «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін Елбасы не істеу керектігін айтып, осы ұлы мұраттар жолындағы игі істі бастап та берді.