Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

А.А. Аубакировтың шығармашылық кеші

Ақын, өлкетанушы, коллекция жиюшы, мұрағатшы, А.А.Аубакировтың шығармашылық кеші мен жеке текті қорының тұсаукесері өтті.

Шығыс Қазақстанда жеке текті құжаттардың жинау жұмысына бастама берген Станислав Евгеньевич Черных болды, ол танымал жазушы-өлкетанушы, мұрағат ісінің Үздігі, Қазақ СРО мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткері, КСРО жазушылар Одағының мүшесі, қарапайым емес тағдыры бар адам, туған өлке тарихына қызмет етіуде өзінің екінші бейімділігін тапқан бұрынғы истребитель-ұшқыш.

Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, жыл ішінде біздің өлкенің әйгілі адамдарының мерейтойлық даталарымен байланысты жеке текті қорларының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр. 2014 жылдың 24 қаңтарында ақын, өлкетанушы, коллекция жиюшы, мұрағатшы, А.А. Аубакировтың шығармашылық кеші мен жеке текті қорының тұсаукесері өтті.

А.А. Аубакиров көп очерктердің, Шығыс Қазақстан тарихында із қалдырған адамдар туралы сүреттемелердің авторы. Қызық, әйгілі Кетбұқа руы туралы («Кетбұка ұрпағымыз»), С. Боранбаевтың қайғылы тағдыры туралы («Тауасар»), алғашқы газеттер мен оның редакторлары туралы («Алғашқы рет Шығыс Қазақстанда» («Первые в Восточном Казахстане»), «Восточное кольцо» трассасының құрылысы туралы, 1812 жылға соғысында қатысқан қазақтар туралы, 30-40-шы жылдарда және 50-ші жылдардың басында орын алған қуғын-сүргін құрбандары туралы («Жұмбақ сурет») және тағы басқа туралы қызықты, нандыра жазады.

А.А.Аубакировтың әдеби көздерінің зерттеулері, мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуі, әр түрлі шараларда қатысуы, бірегей тарихи материалдарын жинақтауға мүмкіндік берді, солардың негізінде «Жазира» (2004), «Агриппа» (2004), «Сағыныш» (2006), «Абай және Сальери» (2008), «Рапиық» (2009), «Ер-Сәтбек» (2011), «Жарылғап батыр» (2012), «Соңғы монолог» (2012), «Бәйтерек» (2013) және т.б. кітаптар жазылған.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru