Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырян ауданының демеушілері мен меценаттары

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында аудан әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы бойынша бес жыл бойы «Туған жерге тағзым » атты қамқорлық акциясы өткізілуде. Қазақстан жерінде ғана емес, соған орай  басқа аумақтарда да өмір сүріп жүрген  халықтың үлгілі өміріне негіз болған туған өлкеге көмек, сонымен қатар қайырымдылық пен демеушіліктің дамуына байланысты қайырымды  мақсатты  жетістіктерге  жетуге  бағытталған.
Қайрымдылық  пен  меценаттардың дәстүрі бірнеше ғасырлар бойы құрылып кележатқаны бәрімізге мәлім. Әр түрлі қоғам ішінде жүрген азаматтар, игі істер  үшін өз қаражаттарын аямады.  Олардың қайырымдылық  істерінің  бітімі бұл-  мектеп, аурухана құрылысына,  өнер азаматтарына, мұражайлар  құрылуына байланысты және тағы басқа. Ең  ірі, әрі әйгілі меценаттар өздерінің  кәсіпшілігімен ерекшеленді, соның нәтижесінде өнеркәсіптер мен мәдениет  дамып, заводтар, мануфактуралар   құрыла бастаған еді.  Азаматтарға  жұмыс орындарын,  кедей тұрғындар қабатының балаларына білім беру, шікеулер мен мешіттер, тұрғын үйлерін, училищілер, ауруханалар салу,  мұқтаж  жандарға  көмектесу- қайраткерлерге  керек еткен істердің барлығы  ылғи  дағы маңызы зор болып қалмақ.
Қазіргі таңда  қоғамның көп – көптен қабаттарға бөліне бастауына байланысты,  көптеген қазақстандықтар  еліміздің ең бай кәсіпкерлері деп саналады,  көптеген  азаматтар қарапайым тұрады, соның өзінде де қайырымдылық ісі  ақырын ғана кеңінен тарала бастады. Кең  халайық  осы акция тұралы жақсы білмегендіктен, қамқорлық  істерін  өз мүддесіне қолданады  деп,   қырын қарайды.


Енді «Туған жерге тағзым !» акциясы желісі бойынша  кәсіпкерлерде және басқа да дәүлетті азаматтар да  өздерінің халқы мен  жері үшін  жасаған  қамқорлық игі істерін сөзбен емес іспен көрсетулеріне үлкен мүмкіндік туғызды. Олардың  көбі туған жерлерінің, ауылдарының дамуына,  денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және тағы басқа  объектілерінің  қаржылай - техникалық  базаларын  нығайтуға демеушілік етті.  Өз өлкесінің, демек, өз жерлестерінің тағдырына қатысады.  Мектептерге,  мысалы үшін, жүздеген оқушылар жақсы білім алу үшін көмектеседі.  Кейінгі уақытта осы балалар еліміздің  экономикалық және мәдени жетістіктерінің дамуына  орай  жұмыс атқара  бастайды.   

Шығыс Қазақстаннан шыққан көптеген әйгілі қайраткерлер,  спортта, өнерде, бизнессте, қоғамдық-саяси істерінде үлкен жетістіктерге жеткендіктен, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріне  демеушілік  көмек  көрсетеді.



Зырян ауданында  «Туған жерге тағзым» атты  акциясы шеңберінде қалалық және ауылдық аумақтар халқының өмірін  жақсартуға байланысты бір талай жұмыстар атқарылды.  Біздің  үлгерімді қайраткерлеріміз бен кәсіпкерлеріміз  зауыт  пен фабрикаларды әлі де салмады, бірақта, соның өзінде де  жеке меншік кәсіп орындарында жаңа жұмыс орындарын  ұйымдастырды.  Әйгілі демеушілер мен  меценаттардың  ішінде В.Ю. Фильшина, В.Н. Дериглазова, В.А. Переверзова,  К.К. Букежанова,  Ж.К. Бугубаева деген қайраткерлеріміздің аты - жөнін нақты айта аламыз.
Жүзеге асырылған ірі жобалар: Киров көшесін бұрынғы қалпына келтіру барысында  жоба сметалық құжаттарды  құрастыруға «Плюс» ЖШС директоры С.И. Смернов  5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті, «Нұр Отан» ХДП Зырян  филиалына  сомасы 1 млн. 800 мың теңгеге автокөлік  сатып беру.  Серебрянск қаласының  БЖОМ-не спорттық  жабдықтарды  және киімдерді сыйға тартуды, Ленин көшесімен  Некрасов көшесінің  қиылысында орналасқан шағын бақты қоршауды  № 3 МБ 2 дана компьютерлерді және видиопрокатты сатып алуды жалпы сомасы 997 мың теңгеге «БГЭС» АҚ президенті С. Рубцов  жүзеге асырады.  Парыгино ауылындағы  № 2 су кернеуіш   мұнарасына су тартқыш «Малороссинка» ЖШС директоры  В.Н. Дмитриевпен сатып алынды. «Бұқтырма цементтік компаниясы» АҚ директоры С.Н. Баев жалпы сомасы 20 млн. теңге  көлемінде көшелерді  жарықтандыруға, су бұрқағына жөндеу жұмыстарын жүргізуге,  жағажайда  абаттандыруға, медициналық  мекемелерге, шекаралық отрядқа және «Бригантина»  МОО көмек көрсетті.


Осы мәселелерді шешуге көмек көрсету мақсатында меценаттар ат салысты.  ЖШС «Нива Чапаево» басшысы Ж.К. Бугубаев Тұрғұсын ауылын  сәулеттендіруіне 3 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер В.А. Козлов Тұрғұсын  ауылындағы құдықтарының жөндеу жұмыстарына арнап жалпы құны 450 мың теңгелік құрылыс материалдарды табыс етті. Ауыл тұрғыны О.Якубович  аялдамалық павильондарды көркем әзірлеу үшін ағаш мүсіндер жасап орнатты.  Никольск ауылын абаттандыруға, суқұбыр жүйесінің қызмет етуіне және ұстана «Никольск-1» ЖШС директоры  Н.М. Сагадиев  жалпы сомасы 1 млн. 225 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.


Осындай өз еліне деген көмектердің арқасында, біздің әрі басқа да тұрғын кенттеріне қатысты шыққан қиындықтарды көзден таса етпей жүрген  қайырымды қайраткерлер өз аумағымызда да  бар екеніне көз жеткіземіз.  Егер де мемлекеттен барлық әлеуметтік тұрғыдан  қаржылай көмекті біздің алшақта орналасқан ауыл аймақтар үшін  тосып отырсақ  көпке дейін тосыумыз мүмкін. Сондықтан да, табиғат анамыздың   өнермен жаратқан  халық шеберлері,  кәсіпкерлер, мекемелер,  кампаниялар қамқорлық істерімен айналысуы керек. Көмек көрсетілген халықтың меценаттарға және демеушілерге деген құрметі  судай ағып кетпей, қайырыммен келсін.
Біздің қаламыз үлкен болмағандықтан,  көптеген кәсіпкерлердің  есімі  бізге  таныс. Осы қайраткерлер жерлестері зыряндықтардың  құрметімен  пайдаланып отырды. Қамқорлық пен демеушілік барлығына  ереже  сияқты, көбіне дәстүр болып қалыптасты. Қайырымды емес адамдарға  біздің керемет өлкеміз сіздерге білім, тәрбие және жетістік берді деп,  естеріне салып айтқым келеді. Сіздердің табиғи  ойларыңыз  бен  іскерліктеріңіздің  арқасында сіздерге дәүлеттілердің  бірінші қатарларында болуға мүмкіндік берді, соған орай сіздердің есімдеріңізбен Зырян ауданының  демеушілер мен меценаттар тізімі  қатары толықтырылады деп үміттенеміз.




ШҚО мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік мұрағаты»
КММ Зырян филиалы  мұрағатшысы Сауле Тлеубергенва (2014ж.)

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru