Нұқайұлы Т.
ШҚОМА; қ.1330, т.1, 86 сақт.бірл, 1960-2003 ж.ж.

Нұқайұлы Тұрғазы (27.06.1937 ж. – 2001 ж.) - белгілі ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының «Дидар» газеті редакторының бірінші орынбасары, өлкетанушы.
1966 жылы Т.Нұқайұлы Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді.Содан бергі кезеңде оның шығармашылық қызметі осы газет ұжымымен тікелей байланыста болды.
1969 жылы СССР Журналистер одағына мүшелікке өтті. 1971-1978 жылдар аралығында Т.Нұқайұлы Шығыс Қазақстан Коммунистік партиясының облыстық комитетінің насихат және үгіт бөлімінде нұсқаушы қызметін атқарды.
1978 жылдың қыркүйек айынан пенсияға шыққанға дейін (1997) ол облыстық «Коммунизм туы» (1991 жылдан «Дидар») газетінде жауапты секретарь, редактордың бірінші орынбасары болды. 1991 жылы еңбектегі жетістіктерінің арқасында «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1996 жылы Т.Нұқайұлы Қазақстан Жазушылар одағына мүше болды.
Нұқайұлының шығармашылық кұжаттары: әңгімелер, очерктер «Қарт ана әңгімесі» (2000), «Ата көрген оқ жанар», «Елімнің алтан алқасы», «Үш кездесу», «Әке мен бала», «Балықшы», «Ана» (2000), «Ақынның оралуы», «Әзіл-шыны аралас», «Менің майдангер командирім»; бағдарлама «Оқу жылы барысында 10 және 11 сыныптарында өткізілетін «Қазақ журналистикасы, оның тарихы және баспасөздің жанрлары» курсының бағдарламасы» (1998); аударма «Көңіл-күй өрнектері»; кітаптар – «Ұлы даланың ұлымын» (1995), «Жарқыраған қос жұлдыз» (1999); өлеңдер (1961-1997), мақалалар (1990-1998).
Т.Нұқайұлының өмірбаяндык кұжаттары: жеке басының кұжаттары – дипломның көшірмесі, кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағаздары, өмірбаяны, өндірістік мінездемелер, өндірістік бұйрықтардың көшірмелері (1960-1997); мерейтой кұжаттары – салтанатты мәжілістерге, мерейтой кештерге шақырған шақыру билеттері, туған күндерімен және басқа мерекелерімен кұттықтаған открыткалар, «Қазақ әдебиеті», «Дидар» газеттінде жарияланған кұттықтаулар, «Жарқыраған қос жұлдыз», кітабының тұсау кесеріне билеті енгізілді (1898-1999).
Нұқайұлының бейнелеу құжаттары: жанұясының, туыстарының ортасында, демалыс сәттерінде және жеке түскен фотосуреттері, Қанай мектебінде ұстаздық еткен сәттерінде оқушылармен түскен фотосуреті, қоғамдық жұмыстар барысындағы фотосуреттері, әлемге әйгілі ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжоловпен түскен фотосуреті енгізілді. Тағы да бұл бөлімге Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің қызметкерлерінің ұжымдық фотосуреттері және Т.Нұқайұлының әріптестерімен газет редакциясында қонақта болған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, Халифа Алтаймен, М.Чистяковпен және Ә.Нұршаиховпен түскен фотосуреттері енгізілді. Оның тілшілік қызметінде пайдаланған фотосуреттерінен Шығыс Қазақстан облысындағы белгілі адамдардың фотосуреттері алынып бөлек бір іске біріктірілді (1960-1996).





