Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Назырбаев Қ.

ШҚО ММ, 79 қ., 17 тіз., 29 с.б., 1947, 1962-2001, 2003-2011ж.ж.

НАЗЫРБАЕВ ҚАЙЫРДЫ (т.1947ж.) – журналист, жазушы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтарының мүшесі, Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері және Мәдениет қайраткері, «Нұра-Астана» баспасының директоры, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.

Тізімдемеге енгізілді: Қ.Назырбаевтың жеке құжаттары – тууы туралы және жеке куәліктері, орта білім туралы аттестаты, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің және марксизм-ленинизм университетінің дипломдары, өмірбаяны, Катонқарағай радиоредакциясының жауапты редакторы мінездемесі, Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінің Үлкен-Нарын және Зырян аудандары бойынша меншікті тілшісі куәлігі, аудандық «Арай» - «Луч» газетінің редакторын бекіту туралы Қазақстан Комунистік партиясы Катонқарағай аудандық комитетінің II пленумының хаттамасынан үзінді, Қазақстан Жазушылар Одағына мүшелікке қабылдау үшін кепілдеме-ұсыныстар, Қазақстан Журналистер Одағынан, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінен,  Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттары кеңесінен, Қазақстан Компартиясы Үлкен Нарын аудандық комитетінен және т.б. белсенді жұмыс, жемісті еңбегі үшін грамоталары, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтарына мүшелік билеттері, Катонқарағай аудандық XXII партия конференциясына редакция және баспахана бастауыш партия ұйымынан делегат мандаты, «Нұра-Астана» баспасы директорының визиткасы, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» және «Мәдениет қайраткері» белгілерінің, «10 жыл Астана» медалінің куәліктері, және Қ.Назырбаевты 50 және 60 жылдық мерейтойларымен Катонқарағай ауданының әкімдері А.Сейітовтен, С.Зайнулдинен, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н.Оразалиннен құттықтаулар.

Қайырды Назырбаевтың шығармашылық құжаттары: өлеңдер жинағының қолжазбасы, «Қаратай баба зираты» (деректі жол жазба) кітапшасы, «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Коммунизм туы», «Арай», «Луч» газеттерінде, «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланған әртүрлі тақырыптағы мақалалары, очерктері, өлеңдері, новеллалары, әңгімелері  енгізілді. 1965-1980 жылдарда «Арай» газетінде жарияланған әңгімелер, новеллалар, очерктер, мақалалар ғылыми-техникалық өңдеуге өткізілгенде бірге түптеліп тігілгендіктен газет қиындыларын сақтап қалу мақсатында сол қалпында тізімдемеге бір іс болып енгізілді (іс 6).

Қ.Назырбаев туралы құжаттар: Т.Рақымжанұлының «Азамат тұлғасы», «Журналист», «Сырбаз да сырлы журналист», Ж.Қызырдың «Астанада жүрсе де» атты «Арай», «Луч», «Дидар» газеттерінде жарияланған мақалалары, «Азамат ажары» деп аталған компьютерде терілген әріптестер лебізі - өлең жолдары енгізілді.

«Арай» – «Луч» газеттеріне қатысты құжаттар: «Арай» – «Луч» газеттерінің алғашқы номерлерінің жарыққа шығуының 50 және 60 жылдықтарына байланысты газеттердің мерекелік нөмерлері, салтанатты мәжіліске шақыру билеттері, хаттар, шақырылғандардың және марапатталғандардың тізімдері, мәжілісті өткізу тәртібі, «Екпінді Алтай», «Большевик Алтая», «Знамя труда», «Арай», «Луч», «Сталинское знамя» газеттерінде әр жылдары қызмет еткен редакторлар мен қызметкерлер тізімінің қолжазбасы енгізілді.

Қ.Назырбаевтың бейнелеу құжаттары: жеке түскен фотосуреттері, жазушылармен, ақындармен бірге түскен фотосуреттері, «Мәдени мұра» бағдарламасының қоғамдық кеңесінде бағдарлама төрағасы Иманғали Тасмағанбетовпен түскен фотосуреті, әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің ұлы Айхан екеуі Катонқарағайда түскен фотосуреті енгізілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru