Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Мамырұлы К.

ШҚОМА: қ.1418, т.1,  1975-1977, 1983-1984, 1990-2006ж.ж.

Мамыров Кәмен Мамырұлы (31.05.1950ж. - 27.12.2007ж.) – Қожа Ахмет Иассауи атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

1972-1977жж. Кәмен Мамырұлы Өскемен педагогикалық институтында оқып, тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі және тәрбие жұмысының әдіскері мамандығын меңгерді.

1977 жылдан ол Зайсан ауданы Сарытерек ауылында Пржевальск орта мектеп интернатының меңгерушісі, ал 1980 жылдан Қарабұлақ ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

1986-1998 жж. Кәмен Мамырұлы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы педагогикалық институтында аға оқытушы болды.

1992 ж Кәмен Мамырұлы  «Общественно-политическое движение молодежи Казахстана в 30-е годы: опыт, уроки» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ол 1995 ж тарих мамандығы бойынша ғылыми доцент атағын алды, 1998 ж. «Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кәмен Мамырұлына ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімі бойынша тарих ғылымдарының докторы және Қазвқстан Республикасы Министрлер кабинетінің (1994 ж. 2 маусымдағы №584) қаулысы бойынша профессор академиялық атағы берілді.

1999ж. Кәмен Мамырұлы Өскемен қаласында Қожа Ахмет Иассауи атындағы өзінің жеке гуманитарлық институтын ашып, сол институтта ректорлық қызмет атқарды.

Кәмен Мамырұлы халыққа имандылық тәрбиесін беру мәселесін көтерген. Өскемен қаласында жібек маталар комбинаты тұрғындарына арнап 1999 ж. өзінің жеке гуманитарлық институтының ішінен мешіт ашты. Дін тақырыбына арналған «Мешіт имандылық ұясы», «Ратбек-қажы Нысанбайұлы»  кітаптары және облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде көптеген мақалалары, әңгімелері жарық көрді.

Ғылыми тақырыптағы еңбектері: «Народное образование Восточного Казахстана в период наступление социализма по всему фронту. 1931-1941», «Общественно-политическое движение молодежи Казахстана в 30-е годы» (1991), «Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі және оның саяси астарлары» (1994), «Қазақ тарихы 1995», «Ратбек-қажы Нысанбайұлы» (2000), «Мешіт-имандылық ұясы» (2001), «Өлеңдер жинағы» (1993), мақалалар (1993-2001).

К.Мамырұлынның бейнелеу құжаттары (2001-2004).

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru