Ғабдуллин С. Ғ.
ШҚОММ: 1468 қ., 1 т., 127 с.б., 1959, 1963, 1966, 1968, 1970-1972, 1974, 1976-1980, 1982-2007 жж.

Ғабдуллин Серік Ғабдуллаұлы (17.08.1937 ж. – 22.01.2014 ж.) – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994ж.), «Қазақ тілі» қоғамының тұңғыш басшысы (1991-2001жж.), «Ақ Ертіс» республикалық әдеби журналының бас редакторы (2001 ж. бастап), Қазақстан жазушылары құрылтайының делегаты. Ақын С. Ғабдуллиннің бірінші жыр жинағы «Көктем лебі» (1975ж.), туындылары «Бұқтырма сарыны» (1978ж.), «Көктем-көкөрім шағым» (1982ж.), «Жылдардан жеткен жаңғырық», «Сөйле, менің жүрегім» (1994ж.), «Ақ босаға» (1995ж.), «Ұланғайыр» (1998ж.), «Алтай асу» (2001ж.), «Седой тулпар» (2006ж.), «Таңдамалы шығармаларының жинағы» (2007ж.). 1994 жылы Өскемен қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебінің ашылуына ат салысты. Осы күнге дейін өз деңгейінде жұмыс жасап келе жатқан «Шабыт» және «Звено Алтая» мектептеріне жетекшілік жасаған. Кәсіптік және қоғамдық жұмыстары абыройлы атқарғаны үшін жоғары марапаттарына ие болды: «Құрмет грамотасы» (2007ж.), «Қазақстанның Құрметті журналисті» (2009ж.).
Серік Ғабдуллаұлының шығармашылық құжаттары (1959, 1963, 1970, 1977, 1988, 1990-1992, 1995-1997, 2000-2005жж.): машинажазба, қолжазба өлеңдері, газет қиындылары.
Баллада мен поэмалар: «Сөнбей кеткен үміт» балладасы, «Тағылымды тағдыр» деректі поэмасы, «Отыншы» поэмасы.
Мақалалар (1977, 2004жж.): С. Ғабдуллаұлы, А. Нұрғалиев «Іскерлік бедел биігі», С. Ғабдуллаұлының «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Шешімі бар, шешуі жоқ», «Тіл мен діл» газет қиындылары.
С.Ғ. Ғабдуллаұлының өмірбаяндық құжаттары:
Жеке басының құжаттары (1966, 1968, 1974, 1978, 1980, 1982, 1984, 1986, 1988-1991, 1994-1996, 2005жж.): өмірбаян, есеп кітапшасының үзінді, диплом жұмысы, мүшелік билеттері, коммунистік еңбек екпіндісі куәлігі, грамоталар, қызметтік рұқсатнамалары. Жұбайы Ғабдуллина Зағипа Касылхановнаның құжаттары, запастағы офицердің есептік карточкасы, марапаттау қағазы.
С. Ғабдуллаұлының қоғамдық іс-әрекеттерінің құжаттары (1982, 1984, 1986, 1988, 1990-1992, 2000-2002жж.): «Жалын» баспасымен отырған әдеби шығармашылық шарты, ақындар айтыстарының, «Мүшайра-2000» жыр бәйгесінің бағдарламалары, конференциялар құжаттары, «Жас толқын» жастар фестивалінің құжаттары, шығын баспа сметалары.
Мерейтой құжаттары (1976-1977, 1979, 1982-2006жж.): мәжілістерге, мерейтой кештерге шақыру билеттері, құттықтау ашық хаттар.
С. Ғабдуллаұлының хаттары:
С. Ғабдуллаұлының жазған хаттары (1994, 2005жж.): Абай Құнанбаевтың 150-жылдығына арналған мейрамды ұйымдастыру туралы хаттар, поэзия байқауларын ұйымдастыру қажеттілігі туралы хаттар, «Мы ищем таланты» байқауын өткізуге қаржылай көмек сұрағаны туралы хаттар, «Ақын мен батыр» шығармашылық кешін ұйымдастыру туралы.
С. Ғабдуллаұлы туралы құжаттар (1969, 1971, 1987, 1997, 2001, 2004жж.): Д. Қанатбаевтың С. Ғабдуллаұлы КСРО жазуышлар одағының мүшесіне ұсыну кепілдемесі, С. Ғабдуллаұлының қолжазбаларына пікірлер, Қ. Ахметовтың «Серік Ғабдуллинге» 50-жылдық мерейтоймен құттықтау жолдары, мақалалар, С. Ғабдуллаұлының 65 жас мерейтойына арналған өлеңдер жинағы.
С. Ғабдуллаұлының өзін қызықтырған мәселер бойынша жинақталған құжаттар (1983-1985, 1987-1988, 1990-1991, 1993-1996, 2000жж.): коммунистік партия мен Қазақстан ақын-жыршылар жарғылары, ақындар айтысының жарнамалары мен бағдарламалары қала мекемелерінің телефон нөмірлері, саяхаттық карта-схемалар, «Қазақ тілі» қоғамының жарғысы, күнтізбелер, «Абай жайлы сөз» кітапшасы, ақындардың өлеңдері, Ә.Қаңтарбаевтың, А. Әубәкірованың, Т. Жанғалиевтің, К. Сақабайұлының кітаптарының титулды беттерінің макеттері.
С. Ғабдуллаұлының бейнелеу құжаттары (1987, 1992жж.): Ж. Нәзбиев, Қасенов, Қ. Әліпбаев, Қ. Мұхамедхановтың жеке фотосүреттері, С. Ғабдуллаұлының жеке түскен фотосүреттері, С. Ғабдуллаұлы дойбы ойыны барысында түскен, Ғабдуллина Зағипа Касылхановнаның (жұбайы), облыстық ақындар айтысының, Гульзифа мен Қайырлының фотосүреттері.





