Бөкеев О.
ШҚОММ: қ.1407, т.1, 39 сақт.бірл., 1961-2004 ж.ж.
Бөкеев Оралхан (28.09.1943 ж. – 17.05.1993 ж.) – жазушы –драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ Әдебиеті» газетінің бас редакторы.
Оралхан Бөкеевтің шығармашылық құжаттары: мақалалар – «Ұстаз қыз», «Көп үйреніп, көп жазайық», «Шабанбай шабындығында», «Маххабат туралы дастан», «Қаракөздің» жалғасқан ғұмыры», «Дүниедегі ең қиын мамандық» (1964, 1981); очерктер «Қойшы жұлдыз», «Жастық оты», «Қыран көзі қияда», «Асуда», «Ақ марал» (1964-1967); әңгімелер - «Өзі сүйген», «Бұл бір сыр еді», «Жолда», «Ізтай», «Қош, махаббатым!», «Сарыарқаның жаңбыры» (1964-1967); новелла - «Мерекеңізбен» (1964); өлендер - «Оңаша ойлар», «Алғашқы нөсер», «Жүзік» (1963-1965).
Оралхан Бөкеев туралы құжаттар: мақалалар (1982-2003).
Оралхан Бөкеевтін бейнелеу құжаттары (1960-1983).