Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Шығыс-Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ  

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Ашық есік күні

«Қазақстан Бірінші Президентінің күні» бағдарламаның іске асыру шеңберінде, 2012 жылдың 23 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағатында «Мұрағаттар: тарихы, қазіргі заман және келешегі» атты ашық есік Күні өтеді.

Іс-шараның бағдарламасында мемлекеттік мұрағаты бойынша экскурсия, «ШҚО мемлекеттік мұрағаты» сайтының тұсаукесері қарастырылған.

Баспа шығарылымдардың тұсаукесері болады:

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында, Қазақстан компартия Шығыс-Қазақстандық облыстық комитетінің Бірінші хатшысы Александр Константинович Протозановтың еңбек қызметі туралы мемлекеттік мұрағатында анықталған құжаттары енгізілген «Восток благодарный Вас не зебудет...» құжаттар мен естеліктердің жинақтары. Бұл баяндамалардың, сөз сөйлеулердің, еске алулардың мәтіндері, фотосүреттер. Құжаттардың бір бөлігі алғаш рет жарияланып отыр. Бұл жинақ тарихшыларға, өлке танушыларға және оқырмандардың көпшілігіне арналған;

Ғалым, саяхатшы, Қазақстанның, Алтайдың, Сібірдің табиғатын, тарихын, этнографиясын зерттеушісі Григорий Николаевич Потанинның өміріне және ғылыми қызметіне арналған «Потанин Григорий Николаевич» атты құжаттар жинағы. Оның ішіне ғалымның өмірі мен шығармашылығының ресейлік және қазақстандық зерттеушілердің ғылыми жұмыстары және Томск мемлекеттік университетінің (Ресей) ғылыми кітапханасында сақтаудағы Г.Н. Потанин жеке қорының құжаттары енгізілген. Бұл жинақ зерттеушілердің көпшілігіне арналған;

Қазақстан Республикасының Құрметті журналисті, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Меңғали Шаймарданович Мусиннің жадына арналған «Оставим память мы...» құжаттар жинағы. Ол журналисттің өмірі мен әдеби шығармашылығы туралы әңгімелейді және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында сақтаудағы М.Ш. Мусиннің жеке қоры құжаттар негізінде туған күнінен 85-жылдығына орай дайындалған. Құжаттар алғаш рет жарияланып отыр. Бұл жинақ зерттеушілердің көпшілігіне арналған;

Ашық есік күні шеңберінде мемлекеттік мұрағатының ақпараттық технологиялар бөлімімен «ШҚО мемлекеттік мұрағаты» сайтының (www.e-arhiv.vko.gov.kz) тұсаукесері жүргізілді. Ол мұрағаттың құжаттары туралы ақпаратты алу ыңғайлылығы үшін құрылған. Сайт құрылымының келесі негізгі бөлімдері бар: Нормативті-құқықты база, Әдістемелік база, Әкіми-аймақтық бөлініс, Құжаттардың жинағы, Көрмелер, Жеке қорлар, Публицистика, «Жад кітабы», «Электронды қор каталогы», «Сұраныстар және қызмет».

Облыстың мемлекеттік мұрағатының ведомстволық мұрағаттарын және іс жүргізуді бақылау бөлімімен облыс орталығы кәсіпорындарының және ұйымдарының іс жүргізу қызметкерлері үшін қазіргі құжаттау негіздері бойынша ақыл-кеңес жүргізіледі.

 

Ашық есік күні 2013 жылдың 22 қараша күні сағат 10-00 Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағат ғимаратында өтеді.

10-00 – кітаптардың, сайттың, көрмелердің тұсаукесері

11-00  - 17-00 – мұрағат бойынша экскурсия, қазіргі құжаттаудың негіздері бойынша ақыл-кеңестер

 

  

Өскемен қаласы, Головкова көшесі 26/1

байланыс тел. 8/7232/25-59-76 (Рифель Любовь Павловна)

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru