Ізғұттыны Ізкен дейді екен
Қаламы қарымды әріптесіміз Иван Макеев Ұлы Отан соғысының тарихы жайлы өзінің журналистік зерттеу жұмыстары барысында біраз құнды деректерге қол жеткіген-ді. Солардын ішінде бұрын-соңды оқырман назарына ұсынылмаған, ерекше атап өтетін дүние бар. Ол-Ұлан ауданы, бұрынғы Солдатское ауылының тумассы, Кеңес Одығының Батыры, жерлесіміз Ізғұтты Айтықовтың майдан даласынан үйіне жазған хаты. Бұл хаттың түпнұсқасы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатында сақталған. Жаумен арпалысып жүрсе де алыстағы ел-жұртының амандығын сұрап, алаңдаушылық білдірген азаматтың туған еліне деген сәлемін қадірлі оқырман қауым сіздерге қаз-қалпында ұсынып отырмыз.
«Амандық хат.
Ардақты аса қадірлі: ағайға, Тәтеме, Жаннатыма, Жеңгейге, Күләшқа, Рыскенге, Советке, үй ішіне, Мағауға, тағы мені сұраған жанның бәріне, сағынған Езкендеріңнен сансыз сәлем. Аман, қалдарыңыз, жақсы жүріп жатырсыздар ма? Астықтарыңыз қалай? Колхоз бастықтарыңыз кім? Бригадирлеріңіз кім? Елдегі жігіт, мен білетін адамдардан кім бар, кім жоқ, хал жағдайлары? Ал менен хабар сұрасаңыздар, онша жаңалық жоқ, аман-есен қалім өте жақсы. Ұлы көсеміміз Сталин жолдастың приказын орындауға даярланып жатырмыз. Қаданнан, Қапардан хат алып тұрамын, басқа адамдардан хабар білмеймін. Осы хатты алысымен, біздің үйдің хабарын менің сұрақтарыма толық жауап қайтар деп ойлаймын. Ал енді көп не жазайын, аман жолыққанша қош сау болыңыздар. Тәтем айтып отырса Жаннатым жазады ғой, мен қалай жазылса да түсінемін. Мені сұраған жанның бәріне сансыз сәлем айтыңыздар. Жерден қазған үйде отырып, еліне хат жазып отырған Ізкендерің 2 маусым 1944ж.».
Ирина Дурново,
мұрағат қызметкері
«Дидар», 6 мамыр 2010ж.