Бітібаев Қ.О.
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы (1945 ж.) - СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская медалінің иегері, өз атындағы ғылыми-әдістемелік республикалық атаулы мектептің жетекшісі. Қанипа Бітібаеваның есімі Қазақстандағы «Ажар – сто женских» лиц энциклопедия – журналына кірді. Ол республикамызда «Живые легенды» номинациясы бойынша белгілі әнші Роза Бағлановадан кейін тұр.
Қанипа Бітібаеваның ғылыми-педагогикалық қызмет құжаттары: Қ.О.Бітібаеваның, Р.Құтқожинаның, Қ.Жаманбаеваның «Әдебиет» жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулығы «Атамұра» баспасы, 2003ж., Қ.О.Бітібаеваның «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» оқу құралы. Семей, «Үш биік» баспасы, 2007ж., Қ.О.Бітібаеваның «Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту» Оқулық әдістемелік бағдарлама Семей, «Үш биік» баспасы, 2007ж. жарық көрді, Қ.О.Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі», қазақ әдебиеті сабағында пайдаланатын көрнекі құралдар, қазақ тілін оқытуға арналған бақылау карточкалары, Қ.О.Бітібаеваның ұстаздық еңбегі барысында пайдаланған оқулық, оқу-әдістемелік құралдарының тізімі, Қ.О.Бітібаеваның ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, жаңашылдар слетіне, педагогикалық оқуларға, тамыз кеңестеріне, құрылтай жиналыстарға қатысқаны туралы тізім, Қ.О.Бітібаеваның ғылыми және әдістемелік еңбектерінің тізімі, Қ.О.Бітібаеваның қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын көрнекі құралдар енгізілген.
Жеке басының құжаттары: Қ.О.Бітібаеваның «СССР Ағарту ісінің үздігі», «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгілерінің куәліктері, Қ.О.Бітібаеваның «Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері» және «Методист- мұғалім» атақтарының куәліктері, Қ.Бітібаеваның «Н.К.Крупская» медалінің куәлігі, Қ.О.Бітібаеваның «СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» дипломы, Қ.О.Бітібаеваның Американың Аризона штаты Туссон қаласына барған іссапар кестесі, Қ.О.Бітібаеваның Құрмет орденінің куәлігі, Қ.О.Бітібаеваға Республикалық атаулы мектебінің басты ұстамдарын іс-тәжірибесіне пайдаланып, жақсы нәтижеге жеткені және ерекше белсенділігі үшін Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті мен аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының берген алғыс хаты, Қ.О.Бітібаеваға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «жүзден жүйрік» атты республикалық конкурсына белсене қатысып, инновациялық іс-тәжірибесін ортаға салғаны үшін» берген сертификаты, Қ.О. Бітібаеваға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» берген құрмет грамотасы, Қ.О.Бітібаеваның өмірбаяны, Қ.О.Бітібаеваның халыққа білім беру жылдарында алған марапаттарының тізімі енгізілген.
Мерейтой құжаттары: Қ.О.Бітібаеваның салтанатты мәжілістерге, мерейтой кештерге шақырған шақыру билеттері, туған күндерімен, мерейтойларымен және басқа айтулы мерекелерімен құттықтаулар енгізілді.
Қанипа Бітібаева туралы құжаттар: Қазақстан мұғалімі, Республика ұстаздары газеттерінде жарияланған Ақбала Айекееваның мақаласы «Тұлғасы Өр Алтайдай биктеген», «Ұстаздықтың ұлы жолында», С.Әбішева, Г.Құдайбергенованың «Қазақтың Қанипасы» кітабы, Астана полиграфия» акционерлік қоғамы, 2004 жылы жарық көрді., «Аңызға айналған ұстаз» кітап-жинағы, Өскемен, «Медиа Альянс» баспасы, Ғани Қарасаев «Ұстаздықтың хан-апасы» кітабы, Өскемен, «Медиа Альянс» баспасы, 2005 жылдары шықты. «Дидар» газетінде жарияланған Әлібек Қалиұлы «Тұлпар дүбірі алыстан естіледі» мақаласы, компьютерде терілген Р.М.Баттал, У.Тоқпатаев. Қ.Бітібаеваның ұстаздық жұмысы туралы пікірі енгізілді.
Қанипа Бітібаеваның бейнелеу құжаттары: Бұл бөлімге қор иесінің жеке түскен фотосуреттерінің, оқушылармен, студентермен, әріптестерімен, белгілі адамдармен түскен фотосуреттері сканерден өткізілген фотокөшірмелері енгізілді. Төртінші бөлімге 2 іс енгізілді. Фотосуреттердің датасы қойылмаған. Бөлім ішінде құжаттар хронологиялық тәртіппен орналастырылды. Датасы анықталмаған істер бөлімнің мен бөлімшелердің соңына орналастырылды.