Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппараты, оларды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімі

►  Ғаа, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімі туралы ереже

Бөлімнің негізгі мақсаты облыстық мемлекеттік архивінде сақталатын ғылыми, мәдени, әлеуметтік-құқылы және басқа да мақсатта барлық құжаттарды кешенді пайдалану болып табылады. Бөлім өз бетінше және басқа да мекемелермен бірігіп деректі және құжаттардың жиынтық басылымдарын жариялайды. 
Бөлім қызметкерлері фототқұжат көрмелерін, тақырыпты тізбелер және құжаттарды іріктейді, газет және журналдарға, телебағдарламаларға жариялымдар дайындайды; архивте экскурция, мектепте сабақтар, тақырыпты дәрістер ұйымдастырады және өткізеді. Атаулы күндер мен естелік күнтізбелерін құрастырады; ғылыми-тәжірбие мәжілістеріне, семинарларға қатысады; ұлттық-мәдениет орталығымен, кітапханалармен, мұражайлармен бірігіп жұмыс жасайды. Зерттеушілердің архивтің оқу залындағы жұмыстарын қамтамаз етеді.

ШУСТОВА ТАТЬЯНА ВЛАДИМИРОВНА - бөлім жетекшісі

Лауазымдық міндеттері:

1) бөлімге  басшылықты  жүзеге асырады;
2) архив құжаттарына ҒАА жасау және жетілдіру, пленка және электрондық тасымалдаушыдағы құжаттарды, жеке текті құжаттарды тізімдемелеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) архив құжаттары бойынша фотоқұжатты көрме, радиохабарлар, мақалалар әзірлеуге, мүдделі мекемелер мен ұйымдарды бастамалы ақпараттандыруға қатысу;
4) зерттеушілерді қызықтыратын тақырыптар бойынша кеңес бере отырып және архив материалдары бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдармен таныстыра отырып, архивтің оқу залында зерттеушілермен жұмысты ұйымдастыру;
5) архивте экскурсия, мектеп сабақтарын, архив құжаттары бойынша лекциялар, қауыммен кездесу ұйымдастыру және өткізу;
6) ғылыми-практикалық конференциялар, шығармашылық кеш, құжаттарды ғылыми пайдалану проблемалары бойынша кездесулер ұйымдастыру және өткізу, баяндамалар, хабарламалар даярлау;
7) құжаттарды ғылыми пайдалану нұсқауларын талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
8) жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінің студенттеріне архив практикасына жетекшілік ету;
9) өзекті тақырыптар бойынша құжаттар жинағын, архивтік анықтамалықтарын, каталогтар, шолулар, архив құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы көрсеткілер, жолкөрсеткілер және т.б. әзірлеу және басып шығаруды жүзеге асыру;
10) құжаттарды анықтауды жүзеге асыру, олардың ғылыми құндылығы мен көкейтесітілігін анықтау, құжаттарды археографиялық  рәсімдеу және шолу жасау;
11) құжаттамалық жарияланымдарға пікірнама жасасу және оларды талқылауға қатысу;
12) архивтану және археографияның өзекті сұрақтары бойныша ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізу;
13) бөлім және оның филиалдары жұмысының жоспарын және жұмыс туралы есеп жасау;
14) бөлімнің ғылыми-әдістемелік өндірістік іс-әрекетін жүзеге асыру;
15) бөлім жұмысының тәжірибесіне зерттеулер нәтижесін, әдістемелік әзірленімдер, жаңа архивтік ақпарат технологиясын ендіру;
16) бөлімнің мемлекеттік мұрағатының басқа бөлімдерімен жұмысын үйлестіреді;
17) бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
18) бөлім жұмысына қатысты іс-әрекеттер сұрақтары бойынша облыс мемлекеттік архивінің, филиалдардың қызметкерлеріне кеңес беру;
19) бөлім қызметкерлерінің жоспарлы және жоспардан тыс тапсырмаларды орындауына бақылау жасау;
20) облыстық мемлекеттік архивінің ішкі тәртіп ережесін және жұмыс режимін, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтауды қамтамасыз ету;
21) бөлімдегі компьютерлердің және басқа оргтехниканың жағдайын қадағалау.

Байланыс телефоны: 8 (7232) 25-59-76 

e-mailarhiv@ukg.kz


 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru