Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«ҚАЛА КҮНІ» аталып өтті

Қыркүйек айының 8 күні Зайсан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Зайсан қала күні мерекесі, Гүл мерекесі ұйымдастырылып өткізілді.

Қаладағы мекеме - кәсіпорындар, мектептер мерекелік шара барысында көптеген тақырыптарға әсемделген гүл композицияларын дайындады. «Жас аналар» шеруі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Марат Уәли қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, 50 жыл отасқан «Алтын той», 25 жыл отасқан «Күміс той» иелеріне сыйлықтар табыстады. «Жас аналар» шеруіне қатысушы аналарды, «Үлгілі аула», «Үлгілі үй» және қаладағы көгалдандыру жұмыстарын атқарған үлгілі мекеме-кәсіпорындарда марапатқа ие болды. Зайсан қала әкімі А.Дүтбаевтың атынан Зайсан мемлекеттік архивінің филиалына мақтау грамотасы және ақшалай сыйлық тапсырылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru