Семинар
«Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту іс-шараларына сәйкес 2017 жылдың 25 тамызында «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Жарма филиалында мемлекеттік мекемелері басшыларына және іс қағаздарын жүргізуші қызметкерлерімен архившылар мемлекеттік қызметті «азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы мен ПЭП арқылы көрсету жөнінде семинар өткізілді.
Семинарға аудан орталығындағы мекеме басшылары мен мекеме өкілдері қатысты. Мұрағатшы Абылканова Ардак семинар қатысушыларына «Мемлекеттік мұрағат анықтамасын беру» мемлекеттік қызметін «азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы және ПЭП арқылы қалай берілетіні туралы баяндап берді.