Жарма филиалының ғимаратанда өткізілген оқу
18 тамыз күні тұрмыс қажетін өтеу комбинаты ғимаратында, яғни ескі ғимараттың бірі ретінде Жарма ауданы бойынша № 55 өрт сөндіру қызметкерлері және медициналық көмек қызметкерлерімен полиция қызметкерлері тактикалық оқу жүргізді. Жарма филиалы осы ғимараттың екінші қабатында орналасқандықтан өрттен, жер сілкініс салдарынан қорғану және бірінші медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріп өтті.
Төтенше жағдай кезінде дұрыс көмек көрсету және қорғану жағдайын жасау барысы өте маңызды, себебі адам өмірі әрбір дұрыс іс-әрекетке байланысты болуы мүмкін.