Қалихан Алтынбаевтың 90-жылдығы
Жарма филиалының ұжымы 5-тамыз күні Қалбатау ауылында айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90-жылдығына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты.

Осы күні Республикалық ақындар айтысы өтті, айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының төрағасы – Ерман Жүрсін Молдашұлы жүргізді. Айтысқа әр аймақтан келген 12 айтыскер қатысты.

Сонымен қатар 6-тамыз күні ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті. Аламан бәйгенің жеңімпазы автокөлік ұтып алды. Құнан бәйге және жорға жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар берілді.


 
            
         
             
             
            .jpg) 
     
                                                        




