«ЭКСПО – 2017» көрмесіне саяхат
«ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрмесі – ең елеулі оқиға. Бұл ауқымды шараға төрткүл дүниенің назары ауған шақ. Сарыарқаның төсіндегі бас қаламыз Астанада үш ай бойы адамзаттың бүкіл жетістіктерін әйгілейтін басты алаңына айналмақ.
Маусым айында Мемлекеттік архив Зайсан филиалының архивисі Дюсюпжанова Алмагүл Жұмабекқызы мектеп оқушысы ұлы Темірланмен Астана қаласына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып әр мемлекеттің озық технологияларымен жабдықталған Жапония, Корея, Швейцария, Италия, Израиль, Иран, Германия, Африка, Үндістан павильондарын және әрине ең кереметі ұлттық «Нұр Әлем» павильонын аралап жақсы әсер алып қыдырып қайтты.
Көрмеге келушілер саны оның ішінде шетел азаматтары көп болыпты.
Темірлан көрме аясында өтіп жатқан балалардың Астана туралы сурет жарысына қатысып, суретіне «Бәйтеректі», тауларды, жарқыраған күнді бейнелеп, түрлі-түсті қарындашпен, блокнот сыйға алыпты.
Астана қаласына алғаш рет барғандықтан, жаңадан ғана салынып біткен «Нұрлы-жол» темір жолынан түсіп, әдемі «Әзірет Сұлтан» мешітіне, Ұлттық мұражайға, «Бәйтерекке», Тәуелсіздікпен келісім сарайына, Хан- Шатырда «Мәңгілік ел» монументінде, тағыда көптеген жаңа нақыштағы салынған тамаша жерлерін аралаған.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда, бас қала Астанада өтуі тарихта өшпестей із қалдырмақ. Жайнай берсін, Астана! Тәуелсіздік мәңгі болғай!