Зырянда жұмыс қорытындысын шығару
2017 жылдың 5 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зырян филиалында 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша салтанатты жиналыс өтті.
Зырян филиалының директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов өз сөзін барлық қызметкерлерді келе жатқан Астана Күнімен құттықтап бастады, барлығына мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жемісті еңбек тіледі.
Содан кейін әрбір сектордың атқарылған жұмыс нәтижелері және қандай ескертулерге назар аудару қажеттігін айта кетті. Соңында, адал еңбегі үшін қызметкерлерді құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.