Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Туған күніңмен Астана!

2017 жылдың 4 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінда Астана Күніне арналған салтанатты жиыны өтті. Астана бейнесінде – Қазақстанның елордасында терең саяси, рухани және де философиялық мағына жатыр. Бұл жай ғана жарқын заманауи мегаполис ғана емес. Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін , Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Астана қаласымен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының армандарымен, ұміттерімен және болшақтарымен байланысты қала.

Бүгінде Астана - бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың мысалы арқылы біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге болады деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқан еді. Астана күнін шілденің 6-шы жұлдызында атап өтіледі, өйткені сол күні Қазақстанның Жоғарғы Кеңесімен елорданы ауыстыру туралы қаулы қабылданды. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «әлем қаласы» атағына ие болады. Ал биыл, 2017 жылы халықаралық мамандырылған Expo 2017 көрмесін қабылдады.

Сонымен қатар, «Астана! Туған күніңмен» атты ақпараттық стендтер дайындалды.

Облыстың мемлекеттік архив директорының м.а. Костина Елена Валерьевна алда келе жатқан мейрамдармен құттықтап, барлықтарына Астана күні мерекесінде шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тіледі.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru