Қарттар күні
01.10.2026 жылы Қарттар күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві" КММ Алтай ауданы филиалының басшысы Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов архив қызметкерлерімен бірлесіп аға буын өкілдеріне ризашылық білдіру, көңіл бөлу және қамқорлық көрсету мақсатында қаламыздың қарт тұрғынына барып, ізгіліктің рухани акциясын өткізді.
Сапар барысында сыйлықтар табыс етіліп, зор денсаулық, ұзақ өмір, рухани жылулық пен амандық тіледі.






