Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«QAZAQSHA QUIZ» «Қазақшаңыз қалай, мемлекеттік қызметші?»

2026 жылғы 19 маусымда «Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының мемлекеттік архиві» КММ Алтай филиалының қызметкерлері «QAZAQSHA QUIZ» «Қазақшаңыз қалай, мемлекеттік қызметші?» атты зияткерлік-ойын-сауық ойынына белсене қатысты. Шара Мемлекеттік қызметшілер күніне және 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналды.

Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мен «Тілдерді оқыту орталығы» КММ шықты. Ойынды өткізудің басты мақсаты — мемлекеттік тілге деген құрметті ынталандыру, оның іс жүзінде қолданылу аясын кеңейту, азаматтарға тілдік ортаны жетілдіруде қолдау көрсету, сондай-ақ қазақстандық бірлікті нығайту болды.

Зияткерлік шайқаста мемлекеттік қызметшілерден, дербес бөлімдер мен ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құралған командалар бақ сынасты.

Алтай филиалының командасы тамаша тілдік дайындық, командада үйлесімді жұмыс істей білу қабілеті мен терең зияткерлік білімдерін көрсетті. Тартысты бәсекенің барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша архившілер жүлделі екінші орынды иеленді!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru