«Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы ерлік» көрмесі
2026 жылғы 08 мамырда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-де Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы ерлік» көрмесі өтті.
Бұл көрменің мақсаты — сұрапыл соғыстың қасіретін ұмытпай, бізге бейбіт күн сыйлаған батырларымыздың есімін ұлықтау. Уақыт өткен сайын сол бір сұрапыл жылдардың куәгерлері — ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың басты парызы — Жеңістің бағасын ұмытпау, тарихты бұрмаламай, келер буынға аманат ретінде жеткізу.
Қазақстандағы ең алғашқы комбайнды тізгіндеген балалардың бірі – еңбек даласының дара тұлғасы, бала комбайншы Айтжан Башимованың өмірі және еңбек жолына арналған, балалық шағы ашаршылық пен соғыс ауыртпалығына тұспа-тұс келген тағдыры – тұтас бір дәуірдің тарихы «Ұлы дала перзенті» кітабы туралы баяндалды.
Іс –шараға «Ш.Уәлихановтың № 3 мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар ұсынылған мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.








