Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Нурсадыков Куаныш Даулеткановичпен кездесу

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы Алтай филиалының «Мемлекеттік архив» КММ-нің оқу залында тілші, педагог және өлкетанушы, Түркі елдері жазушылар одағының мүшесі Нұрсадыков Қуаныш Даулетқанұлының қатысуымен танымдық кездесу өтті.

Іс-шара архив қызметкерлеріне арналып, кәсіби жолы, және шығармашылық әрі ғылыми зиялы қауым өкілдерімен байланысты нығайту мақсатында директор Сейлханов Сабырбек Қакенұлының қолдауымен және тікелей қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында қонақ өз өмірбаянымен бөлісіп, журналистика мен педагогикадағы кәсіби жолы, қалыптасу кезеңдері, сондай-ақ өлкетану саласындағы көпжылдық зерттеу жұмыстары туралы әңгімеледі.

Архив қызметкерлері оның туған өлкенің тарихына, адам тағдырларына және мәдени мұраны сақтауға арналған авторлық еңбектерімен, жарияланымдары және кітаптарымен танысты. Нұрсадыков Қуаныш Даулетқанұлы архивтердің тарихи жадыны сақтаудағы маңызды рөлін атап өтіп, зерттеушілер мен архив мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Жылы әрі достық жағдайда өтіп, кәсіби тәжірибе алмасуға және алдағы жұмысқа шабыт беруге ықпал етті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар қонаққа мазмұнды баяндамасы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасады деген сенімдерін жеткізді.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru