Кездесу
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің Риддер филиалы мен Риддер қаласының статистика басқармасының ұжымдарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері туралы ақпарат беріліп, елдің одан әрі дамуына бағытталған басты өзгерістер түсіндірілді.
Сондай-ақ қатысушылар алдағы республикалық референдумның маңыздылығын талқылап, мемлекет болашағын айқындайтын маңызды шешімдер қабылдауда әр азаматтың белсенді қатысуының мәні атап өтілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

.jpeg)






