Сабақ
2026 жылғы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 30.12.2025 ж. No 248-VII ҚР Заңымен сабақ өтті.
Сабақ мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі баптар мен тармақтарды түсіндіру, сондай-ақ архивтік құжаттарды электронды форматта жасау, сақтау және пайдалану бойынша заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Оқыту сабағында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары жан-жақты қарастырылды.
Талқылау барысында архивистер жаңа нормативтік құқықтық актілердің іс жүзінде қолданылуына, олардың күшіне ену мерзіміне, құжат айналымының ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойды. Архивтың ағымдағы жұмысынан нақты мысалдар келтірілді, бұл жұмыс жағдайларын егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар архив қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға, Қазақстан Республикасының архив ісі және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Архивист Омарова Нургүл Алмешовна қызметкерлер жұмысында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заң баптарын бұлжытпай орындау керектігін, жұмыста осы нормаларды қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндірді.








