Республикалық референдум
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Конституцияның кіріспесінде адамның құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің жоғарғы басымдығы ретінде бекітілді, мемлекет адамға қызмет етіп, оның қадір-қасиетін қорғауы керек.
Конституциялық деңгейде «Әділетті Қазақстан» құру, заң үстемдігі мен «тәртіп» қағидаттарын нығайту, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен құндылықтарды қолдау — жаңа Ата заң жобасының негізгі қалаушы қағидалар, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттары оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл қағида Қазақстанда архив ісін дамыту үшін өте маңызды.
Конституциялық өзгерістер әрқашан бүгінгі күн тәртібін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын да айқындайды. Сондықтан барлығын алдағы референдумға қатысуға шақырамыз бұл азаматтардың елдің болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіру үшін саналы таңдауы. Әр азаматтың пікірі мен таңдауы маңызды.
Референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайын call-орталықтың 1414 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады, немесе үш ақпараттық ресурста орналастырылған "ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу" сервисі арқылы:
gov.kz
referendum.gov.kz
referendum2022.gov.kz






