Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Қазақстандағы саяси реформалар әлемнің назарында. Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновацияға мән берілген.

Архив мекемесінде жаңа Конституция жобасын таныстыру және түсіндіру мақсатында Зайсан аудан әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы Қорабаев келіп, реформа жобасымен таныстырып, түсіндіріп өтті. Архив басшысы Виктор Николаевич Козлов және архивист мамандар жаңа жобаға қатысты пікірлерін білдірді. Ұжым мүшелері 15 наурыз 2026 жылы республикалық референдумға бір кісідей қатысып, азаматтық позицияларын білдіруге ат салысады!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru