Өңірлік семинар
2025 жылғы 10-11 желтоқсанда ҚР Мәдениет жәнеақпаратминистрлігініңАрхив істері және құжаттаманы басқару комитеті Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасымен өзара бірлесіп, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының мемлекеттік архивтерімен «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау жүргізу», «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеуге оқыту мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізілді.
Кездесу барысында архив ісі және құжаттамаларды басқару саласындағы жаңартылған нормативтік талаптар, құжаттардың сақталуын бақылау және бағалы қорларды сақтау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Бұдан басқа, «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгімен белгіленген құжаттармен жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ «Бірыңғай электрондық архив» ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу тәртібі талқыланды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы
Тащанова Салтанат Нұртасқызы архив заңнамасындағы қолданыстағы талаптар мен соңғы өзгерістерге тоқталды. Сарапшылардың пікірінше, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың жоғары жауапкершілігін талап ететін негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Семинар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, тыңдаушылар өздері үшін іс жүргізу және архив бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды жасау мәселелері бойынша көптеген пайдалы ақпараттарды атап өтті.










