Кездесу
Архивистердің Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызымен кездесуі.
2025 жылғы 9 желтоқсанда «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау жүргізу», «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеуге оқыту мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізу шеңберінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының архивінің архивистері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті комитетінің мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді, оның ішінде цифрлық архив қалыптастырудың құқықтық негіздері түсіндірілді. Мемлекеттік архивтерде "Ұлттық" мәртебесін беру арқылы архив саласының имиджін арттыру мәселелері қозғалды.


.jpeg)





