Республика күніне арналған Концерт
2025 жылғы 25 қазанда Республика күнінің 35 жылдығы – мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануына арналған "Мәдениет және спорт сарайында" концерт өтті. Қазақстанның әнұраны шырқалды, оң қолымызды жүрегімізге қойып, жиналған қауымның қоршауында ұйымшылдық пен ұлттық патриотизмді сезіне алдық. Алтай қаласының әкімі - Құрманбаев Ренат Тілеуханұлы барлығын Республика күні мерекесімен құттықтап, қала мен ауданның құрметті азаматтарына грамоталар мен сертификаттар табыс етті, биылғы жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Концерт мерекелік, қызықты, түрлі-түсті атмосферада өтті, жарқын нөмірлер, орындалған әндер мен қойылымдар ұмытылмас, көркем болды. Барлығы белсенді ән айтып, қол шапалақтады.







