«Ашық есік күні Алтай филиалында»
2025 жылғы 19 қыркүйекте ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты ҚММ «Мемлекеттік архивтің» Алтай филиалында ашық есік күні өтті. Іс-шара КММ «Алтай қаласының Технологиялық колледжі» студенттері мен КММ «№11 орта мектеп» оқушылары үшін ұйымдастырылды. Барлық келушілер үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды. Оның ішінде архив қоймалары бойынша бейнеэкскурсиялар және архивтің тарихы мен қызметіне арналған бірегей бейнеролик көрсетілімі болды. Іс-шара соңында қонақтар үшін интерактивті викториналық ойын өткізілді. Қатысушылар архив тарихы, бірегей құжаттар мен архив қызметі туралы білімдерін сынап көрді. Әр дұрыс жауап үшін ұпайлар берілді. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар қорытынды рейтингте ерекшеленіп, естелік грамоталармен марапатталды.