Алтай филиалында фотокөрме
Ұлы жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Алтай қаласының КММ «№ 11орта мектебінің» 5«А», 5«Б», 7«Б» сынып оқушылары қатысты. Қатысушыларға Алтай қаласы, Алтай ауданының тұрғындары болған соғыс ардагерлерінің ерлігі, соғыс жылдарындағы халықтың ерен еңбектері туралы сабақ жүгізілді.
Оқушыларға айтылған мәліметтер, көрмеге қойылған экспонаттар өте қызықты болды.