Көрісу күні
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ "Көрісу күні" мерекесін атап өтті. Бұл күні Қазақстан тұрғындары бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, аға буынға құрмет көрсетеді. "Көрісу күні" мерекесіне орай облыстық архив қызметкерлері Ұлттық киім киіп, бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Көрісу күні тек жақсылықтармен есте қалсын! Әр үйге шаттық пен береке, әр жүрекке жылулық пен қуаныш әкелсін!
Көрісу күні құтты болсын!