Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жыл

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, профессор, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жыл

Қазак педагогикасындағы өзіндік жаңашыл ізденістерімен, әдебиетті окытудың тың, инновациялық технологиясымен белгілі болған Канипа Омарғалиқызы Бітібаева 1945 жылы Шығыс Қазакстан облысы, Тарбағатай ауданы, Комсомол ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. 1952-1959 жылдары Сталин атындағы жеті жылдық мектепті, 1963 жылы аудан орталығы Ақжар селосындағы Абай атындағы орта мектепті бітірді. Оқуға қаражат жинау мақсатында бір жыл механизатор болып жұмыс істеді. 1964-68 жылдар арасында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, оны «үздік» дипломмен бітірді. Институт қабырғасында жүріп, Халық театрының маңдай алды мүшесі болды, басты рөлдерде ойнап, өнерімен Халық артистері Ә.Жаңбырбаев, К.Сәкиеваларды тәнті етеді.

1982 жылы білім саласына сіңірген еңбегі методист-мұғалім деген атақ беріледі. Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбегі жарыққа шықты. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту»,  «М. Әуезов мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республикаға танылады.

Мұғалімнің еңбегі уақтылы жоғары бағаланады, ол Шығыс Қазақстан бойынша бірінші болып Н.Крупская атындағы Бүкілодақтық медальмен марапатталады. 1990 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мұғалім Одақ бойынша Бесінші, республика бойынша бірінші мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болады. Жаңашыл мұғалім 150-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалар мен 40 кітаптың авторы. Оған әдебиеттің ежелгі дәуірлерінен қазіргі заманға дейінгі оқу бағдарламалары, оқулықтар жазылған.

2009 жылы Білім және ғылым министрлігінің № 1-02-2/977 бұйрығымен Қ. Битібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылады. Бүгінгі таңда Астана қаласының №64 лицейінде зертхана филиалдары, Шығыс Қазақстан облысында 16 бөлімше және 4 қоғамдастық жұмыс істейді. 2013 жылы "Егіз өрім" Педагогикалық эссе жинағын жазды. Бұл оның соңғы кітабы болды.

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның жеке қорының құжаттары ШҚО мемлекеттік архивте сақталуда: кітаптар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік бағдарламалар, мақалалар, естеліктер, фотосуреттер Қ.О. Бітібаеваның жеке өзі архивке сақтауға берген.

Ұлы педагог 2014 жылдың 9 қыркүйегінде қайтыс болды.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2025
Рейтинг@Mail.ru