«Шығыс Салбұрыны-2024»
10-14 қазан аралығында Ұлан ауданы Бозанбай ауылы маңында Бүркіттөбе жерінде «Шығыс Салбұрыны-2024» атты халықаралық фестиваль болып өтті. Фестивальға Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Венгрия, Ресейден келген бүркітшілер қатысты.
Фестивальдың мақсаты-жыртқыш құстармен аң аулау өнерін сақтау, сондай-ақ тазы аңшы иттерін үйрету дәстүрін қолдау.
Фестивальда Алтай ауданы қазақтың «Қыз ұзату» ұлттық салт-дәстүрін жүргізді.«Қыз ұзату» дәстүрін көрсету рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының архивисты Оңғарбаева Райса Жөнжақсықызы да қатысып, өз өнерін көрсетті. Ауданның қолөнершілері өздерінің қол бұйымдарын, өнерпаздар фестиваль қонақтарына концерттік бағдарламасынұсынды.