«Архив және болашақ ұрпақ»
2024 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Ашық есік күнін» өткізді.
Бұл шараға Өскемен қаласының мектеп оқушылары, сот қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.
Директордың орынбасары Елена Валерьевна Костина өзінің құттықтау сөзінде «Ашық есік» күнін өткізу өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтінінатап өтті.
Архив қызметкерлері келген қонақтарды мемлекеттік архивте сақтаулы тұрған құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалануға байланысты негізгі қызмет түрлерімен таныстырды.
Шараға қатысушыларға архивпен таныстыру экскурсиясы, «Ер есімі-ел есінде» атты көрменің тұсаукесері және құжаттарды қалпына келтіру және тігу бойынша шеберлік классы өткізілді.
«Ашық есік» күнінің соңында қонақтар осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, тілектер кітапшасына өз пікірлерін қалдырды