Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де тұрақты жұмыс істейтін «Ертіс жеріндегі із» фотоқұжаттық көрмесі аясында 2022 жылғы 13 қазанда сағат 10.00-де «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» көрмесінің тұсау кесері өтеді.

Біздің қаламыздың тарихы – бұл жарқын, жан-жақты және ағартушылық шежіре, оның беттерінде талантты және әйгілі ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерінің өмірбаяны, Отан қорғаушылардың, тыңжерлерді ашушылардың және ел мен туған өлкенің тағдырына бей-жай қарамайтын көптеген басқа жерлестердің батырлық есімдері көрсетілген. Өскеменнің бүгінгі келбеті – қала тұрғындарының бірнеше ұрпағының жасампаз еңбегінің нәтижесі.

Адамдар – біздің қаламыздың ең маңызды байлығы. Қазақстанның тәуелсіздігін қорғаған, мәдениет, ғылымның дамуына зор үлес қосқан ең үздіктерге «Қаланың құрметті азаматы» атағы беріледі.

Көрмеге Оралбек Бейсембайұлы Малдыбаевтың, Анатолий Степанович Ивановтың, Николай Владимирович Алексеенконың, Валиахмет Нұрахметұлы Байдельдиновтың, Ахат Сәлемхатұлы Құленовтың, Замза Қадылшанұлы Қырықбаевтың, Борис Васильевич Щербаковтың, Павел Лукич Чижиковтың, Михаил Иванович Чистяковтың, Павел Александрович Пармановтың жеке текті қорларынан құжаттар ұсынылды.

«Қаланың құрметті азаматтары» арасында неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста батырлық пен батылдық танытқан Кеңес Одағының Батырлары ерекше орын алады, сондықтан көрмеде «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан 1941-1945» құжаттар жинағынан Алексей Иванович Чернов, Петр Иванович Логвин, Петр Климентьевич Миллер, Федор СавиновичКокорин  туралы материалдар ұсынылған..

Егер сізді ақпарат қызықтырса, Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтар басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-не хабарласуыңызды сұраймыз: 070004, Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 26/1 үй, тел. 255976, 254310.





 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru