Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Көрме "Олар өз Отанын даңқты етті"

08 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалында Зырян (Алтай) қаласының құрылғанына 230 жыл толуына орай "Олар өз Отанын даңқты етті" көрмесі ашылды. Көрме қаланың және жалпы туған өлкенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан өз қаласына шын мәнінде адал және талантты адамдарға арналған. Экспозицияның негізін 1914 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Алтай филиалында сақталған жеке тектік қорлардан алынған құжаттар мен фотосуреттердің көшірмелері құрады. Көрмеге келушілердің назарына өткен жылдардың жарқын оқиғалары туралы баяндайтын бірегей құжаттардың көшірмелері ұсынылды: "1930 жылғы Зырян ауданындағы кулацкий көтерілісі туралы И. Н.Щетниковтың естеліктері" - Бұқтырма өлкесінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан, Қызыл партизан, Зырян қаласының Құрметті азаматы;- Кеңес Одағының Батыры, П. С. Бочарниковтың қызы Е. П. Злобинаның "Әкемді еске алу" қолжазбасы; "Зырян қаласының қарт ұстазы, Ленин орденінің кавалері Е.С. Побуковскойдың естеліктері - Зырян қаласының дамуы туралы" және басқа да құжаттар. Көрменің алғашқы келушілері Алтай филиалының қызметкерлері болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru