Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Алтайлықтардың еңбекшіл әулеті»

Ағымдағы жылдың 24-ші  ақпанында "Менің отбасымның еңбекшіл әулеті" тақырыбында онлайн-конференция өтті. Онлайн-кездесуді Алтай қаласының КММ "Орталық қалалық кітапханасы" ұйымдастырды. Егер отбасындағы барлық адамдар өз еңбегіне өз өмірінің маңызды бөлігі ретінде қарайтын болса, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ата-аналарының жұмысын жалғастыратын болса, онда біз бұл жай ғана отбасы емес, еңбекшіл әулеті деп мақтанышпен айта аламыз. Онлайн-конференцияның тікелей эфирінде, Сколыбердиндердің музыкалық, шығармашыл, тату, отбасымен кездесу өтті: Александр Иосифович - бард, ақын, "Алтын Тұрғұсын" халықаралық өнер фестивалінің тұрақты қатысушысы, жүлдегері, "Бұқтырма- кемпірқосақтары "  әдеби-поэтикалық клубының мүшесі; Евгения Викторовна-фортепиано және вокал класының оқытушысы, Алтай қаласының Балалар музыка мектебінің концертмейстері. "Алтын Тұрғұсын" халықаралық өнер фестивалінің бірнеше дүркін қатысушысы және жүлдегері; үлкен қызы Чекменева Анна Александровна-жоғары санатты оқытушы, Алтай қаласының Балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімінің меңгерушісі және концертмейстері. 2018 жылы Орал мемлекеттік консерваториясын бітірді. Ауданымыздың музыка мектептерінің мұғалімдері арасында өткен "Вперед к успеху" фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды; кіші қызы Гусева Елена Александровна, Гнесиндер атындағы Ресей академиясын бітірді. Қазіргі уақытта Мәскеуде тұрады және жұмыс істейді. Бейнеконференция барысында іс-шараны ұйымдастырушылары мен кездесу қонақтары Скалыбердиндер әулеті арасында арасында диалог өтті. Кездесудің мақсаты кездесуге қатысушылардың жағымды эмоцияларын ояту, отбасының атмосферасын сезінуге мүмкіндік беру, жұмыстың ондаған жылдарға есептелген жалпы үлесі және Алтай ауданының мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосу. Аталған іс-шараға онлайн-режимде Шығыс қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының архивистері Е.Красовская мен О. Губарева қатысты. Осы іс-шараға қатысу бізге  пайдалы ақпараттар алып, ой-өрісімізді кеңейтуге және жаңа әсерлер алуға мүмкіндік берді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru