Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ұлы Абайдың 175 жылдығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойшыл, қоғам қайраткері қазақтың ұлы ақынының туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы қазақ қоғамында қызу пікір тудырды. Абайдың таланты көп қырлылықпен ерекшеленді, ал оның шығарған шығармалары әлемдік әдебиет пен қоғамдық ой қазынасында лайықты орын алды. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы-бұл біздің халқымыздың өткені мен бүгіні. Алтай қаласында мәдениет және спорт сарайында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған көрме өтуде. Көрмеге келушілерге Абайдың көптеген еңбектері қойылған. Көрмеге келген кезде қала тұрғындары Абай әлеміне жақындап, қазақ ақынының бай мұрасымен танысуға мүмкіндік алды. Абай шығармашылығын насихаттаумен қатар, Алтай ауданы Анк волонтерлік қозғалысы орталығының волонтерлері Абайдың 175 жылдығына арналған Алтай қаласының Мәдениет және спорт сарайы аумағында қысқы сәулет түрінде өз жұмыстарын ұсынды. 2020 жылдың 5 ақпанында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының директоры Сабырбек Какенұлы Сейілханов және архивистер О.Губарева, Е. Красовская, О. Мазова, Қ. Базилова, К.Левин, Г.Маутиевалар көрмеге барып, қысқы сәулет өнерін тамашалады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru