Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Суретшінің өнері өмірді өзгертеді..»

19.06.2019 жылы Алтай қаласы музейінің өлкетану залында суретші Григорий Георгиевич Вяткинмен оның 85 жылдығына орай «Суретшінің өнері өмірді өзгертеді...» атты мерейтойлық кездесу өтті.

Горно-Алтай автономды облысы Алтай өлкесінің Усть-Кан ауданы Саузар ауылының тумасы. Григорий Вяткин балалық шағынан бастап және өмір бойы сурет салады, сондай-ақ кескіндеме, графика, тас пен ағаш ою, нақыштау жұмыстарын игерген. Сонымен қатар 70-ші жылдары Г. Вяткин линогравюра техникасын меңгерген. Жоғары кәсіби деңгейде «Асуда», «Таулы мекен», «Айлы түн», «Рахман қайнары» бедерлері жасалды. Көптеген қонақтар Г.Вяткинмен осындай маңызды оқиғаны бөлісуге келді. Мерейтой иесі барлық достары мен әріптестерінен құттықтаулар қабыл алды. «Көшпенді» қоғамдық қорының директоры және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы Я.Л. Шматовадан суретшіге көп жылдық шығармашылық еңбегі, көркем мәдениетті сақтау және дамыту, бейнелеу өнерін насихаттау, Шығыс Қазақстанның табиғатына деген махаббаты үшін алғыс хаттар табыс етілді. Мерейтойлық кездесумен қатар шебер Вяткиннің жұмыстарының көрмесі өтті. Суретшінің жұмыстарында Шығыс Қазақстанның туған табиғатының түстерінің үйлесімі, құпияның айқын еместігі бар. Барлық суреттер керемет қуанышқа толы, таңғажайып жылылық, жарық пен тыныштық сезіледі. Әлемнің он елінде өнер сүйер қауым Шығыс Қазақстаннан шыққан автордың шығармашылығымен таныс. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында жеке архив құжаттарының біріккен қорында қор құрушының яғни,

Г. Вяткиннің өзі берген жеке тектік құжаттары сақталған. Алтай филиалының архивисі Губарева Оксана Владимировна мерейтойлық кездесу мен суретшінің көрмесіне барып, сайт оқырмандары үшін арнайы мақала мен фотосуреттермен бөлісті.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru