Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шығармашылық кездесу

2019 жылдың 16 мамырында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының архивисі О.В. Губарева архивтің оқу залында Алтай қаласының №11 мектебіннің 7 сынып оқушыларының жазушы, журналист, публицист, ақындық жинақтардың авторы, бірнеше халықаралық әдеби конкурстардың лауреаты және дипломанты, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Илья Павлович Кулевпен шығармашылық кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында балалар жазушының өмірбаянымен танысып, оның шығармашылығы туралы білді. Илья Павлович өзінің шығармашылық жоспарларын, атап айтқанда «Кержачье Семя» атты кітаптың жұмысы туралы әңгімеледі. Бұл кітапта біздің өлкеміздің тарихы мен адамдары, Бұқтырма ГЭС-нің құрылу тарихы туралы түрлі ақпараттар бар. И.П. Кулевтің әңгімесінен балалар жазушы өзінің туған өлкесін, табиғатын неге жақсы көретінін және ол туралы неге көп жазатынын түсінді. Кездесу соңында Илья Павлович өзінің кейбір шығармаларын қызықты оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Осындай сабақтар мектеп оқушыларының балалық жадында сөзсіз қалары анық және балалар біздің туған «Зырян жерінің» өткеніне қалай бай екенін түсінуі маңызды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru