Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

География ғылымының кандидаты, КСРО халық ағартудың үздігі – Ксения Ивановна Попованың 100-жылдығына арналған іс-шара

2019 жылдың 27 наурызында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, география ғылымының кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының физикалық география кафедрасының доценті, КСРО халық ағартудың үздігі – Ксения Ивановна Попованың 100-жылдығына арналған «Географиялық және геоэкологиялық зерттеулер және заманауи ғылымда олардың рөлі» халықаралық ғылыми оқулары өтті.

Онда, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ «Жизнь, связанная с климатом» көрмесін ұсынды.

Көрмеде, К.И. Попова мен В.Е. Поповтың жеке отбасылық қорынан түпнұсқа құжаттары ұсынылды: ғылыми еңбектердің қолжазбалары, география ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін К.И. Попованың диссертациясы, «Климат г. Усть-Каменогорск и его окрестностей» жарияланбаған монография және тағы басқалар. Сонымен қатар, ғалымның жеке құжаттары: дипломдар, аттестаттар, марапттау туралы куәліктер, отбасылық сүреттер, достарымен, әріптестерімен, студенттермен түскен сүреттер, жұбайлардың майдан хаттары.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru