Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Қаланың құрметті азаматы және құрметті металлургі» (Лениногор қ. Құрметті азаматы, дербес зейнеткер, еңбек ардагері, Құрметті Металлург, Колесников Николай Никифировичтің туылғанына 80 жыл толуына орай)

                                                        Крепость стали и прочность мифрила
                                                        Сочетает в себе металлург,
                                                        Дни горячие возле горнила
                                                        Закалили уверенность рук.
                                                                  Труд нелегкий — в суровости взгляда
                                                                  И в характере сильном, прямом,
                                                                  В слове крепком — без лести и яда,
                                                                  В дружбе верной и жизни с умом.
                                                                    (http://tostun.ru/pozdrav/den/metallurga/7.htm) 

Николай Никифорович 1939 жылдың 12 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жұмысшы отбасында өмірге келген (1941 жылдың  06 ақпанынан бастап - Лениногорск қ). Әкесі Никифор Григорьевич, қорғасын зауытында еріткіш болып жұмыс жасаған. 1941 жылдың желтоқсанында Төлеген Тохтаровпен бірге майданға өз еркімен барған. 1943 жылы Курск доғасындағы шайқасында хабар-ошарсыз кетті. Анасы, Александра Андреевна қорғасын зауытының бытовкасында жұмыс істеген (2003 жылдың наурыз айында қайтыс болған). Ағасы, Михаил 1937 ж.т. қорғасын зауытында темір ұстасы болып жұмыс атқарған, 1956 жылы қайтыс болған.

Николай Колесников 8 сынып бітірген. Мектеп оқушысы бола тұра Цветник клубында рухани оркестрінде өнер көрсеткен. 1955 жылы киномеханик курстарын бітірді. 1957 жылы Таукен өнеркәсіп оқу орынын бітірген соң агломераторшы мамандығын алған. Қорғасын зауытына агломерационды цехына жұмысқа жіберелді, онда ол өзінің еңбек қызметін жұмысшы ретінде бастады. 1957 жылдан бастап (ЛПК) Лениногорск полиметал комбинатындағы металлургия жұмысшыларының кәсіподақ комитетінің мүшесі. Қорғасын зауытының рухани оркестрінде өнер көрсеткен.

Цветников клубындағы рухани оркестр. Коля Колесников сол жағынан үшінші

«... Александра Андреевна күйеуінен қалған өшпес естелігі және жұбанышы болған, әрең аяқтарына тұрған, ұлдарын зауытқа апарады. Үлкен ұлы көп ұзамай бұзақылардың қолынан қаза болады. Есесіне кенжесі, Коля, оған қорғанышы арқа сүйері болады, соңғы қариялық өмірінің мәні болады…

Қорғасын зауытының рухани оркестрі Қарашаның 7-сі күні мейрам құрметіне «Жеңімпаздар маршымен» ызғарлы ауаны жарып шығып Маяковский алаңында өнер көрсетеді. Оның көздері жалынды қуанышқа толы. Оған әдемі әрі жас жігітке өзінің Комунистік еңбек бақыты, махаббаты әлі алда екеніне сенеді... Бұл үміттері бекер емес. Оның еңбек жеңістері және махаббаты болады. Оның ауысымын Қазақстан ең үздік деп таниды. Отаны оны екі Ленин орденімен, «Қаланың құрметті азаматы» атағымен атап өтеді. Кейінрек оны мардымсыз зейнетақы мен аурушаң анасы күтіп тұр...» («Қорғасын зауытының тарих күнтізбесінен алынған»/ Риддер қ, 2002 ж).

1959-1962 жылдары - Кеңес әскері қатарындағы қызмет етеді. Кіші сержант Николай Колесников Туркменияда әскери рухани музыкалық ротаның аға оркестрі болды.

Кеңес әскері қатарында, 1960ж. Колесников сол жағынан үшінші

Әскерден келген соң өз туған қаласына, зауытына оралды. Ет комбинатында мұздатқыш құрылғысының машинисі болып жұмыс істеген, Колесникова Анна Абрамовнаға үйленді. 1964 жылы Ольга атты қызы дүниеге келді, 1969 жылы Елена қызы дүниеге келді.

Анна Абрамовна қыздары Ольга және Еленамен, және қайын апасы Александра Андреевна Колесниковамен

1962 жылдың қарашасынан - сәуіріне дейін Колесников Николай аглоцехтің шаң түсірушісінен аға шихталаушысына дейін барлық кәсіптерді меңгерді. 1968 жылы 3-жылдық шеберхана мектебін тәмәмдады, ал 1977 жылы аглометршы қызметіне ауысты. 1970 жылдың ақпанынан бастап Кеңес Одағының комунистік партиясының мүшесі.

1984 жылдың 01 мамырындағы № 53 нөмірінде «Лениногорская правда» газетінде жазылған: «... Ауысым шеберсіз қалаған күндері оның оңай емес жұмысын кім атқарады деп дау шықпаған: түсінікті оны Колесников атқарады. Оның атағы жер жармайды, бірақ өте берік, зауыттағы отыз жыл қызмет атқарған кезінен бастап ақырындап жинақталған. Білімі, іскерлігі жоғарғы дәрежедегі агломератшыға жетпейді, бірақ ең бастысы -коммунист Колесниковты белсенді өмірлік ұстанымы, әрекет қаблеті, қабылдаған шешімдеріне жауапкершілік алуы... Үш жылдай ауысымды Н.Н. Колесников басқарды және ұжым өте жақсы жұмыс атқарды...

Екі дәрежелі еңбек даңқы орденінің кавалері Н.Н. Колесников цех ұжымын абыроймен таныстырып, жолдастарының сенімін ақтап, зауыттың профкомы және партбюро мүшесі болып, полиметалды комбинат парткомының, жауап-кершілігі үлкен қоғамдық жұмыс атқарады». Н.Н. Колесников Шығыс Қазақстан облыстық ХХІІ, ХХІV, XXVI, (1975,1980,1986 жж.) XXXVI, XXXVII қалалық партия конференцияларында делегат болып сайланған.

36-шы партконференция делегаттары

Лениногор қалалық халық депутаттар Кеңесінің атқарушы Комитетінің 1986 жылдың 10 маусымындағы № 224 шешімімен әлеуметтік-экономиканың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін, қоғамдық қала өміріне белсенді қатысқаны үшін Лениногорсктің орныққанына 200-жыл толуына орай Колесников Николай Никифоровичке «Лениногорск қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.

Н.Н. Колесников, Қаланың құрметті азаматы

"Құрметті азамат" құжаты 

Н.Н. Колесников қорғасын зауытында жұмысшы, бригадир, шебер ретінде 35 жыл қызмет атқарған. Осы уақыт аралығында үкімет наградалалырымен -2-ші және 3-ші дәрежелі Еңбек даңқы ордендарымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Құрметті Металлург» белгісімен, Лениногор қорғасын зауытына 60-жыл толуына орай мерейтойлық медалімен, қаланың 200-жыл толуына орай және де грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.

Еңбек даңқы ордендары, Еңбек үздігі ордені

1989 жылы Колесников Николай Никифорович зейнет ақыға шықты. Олқаланың дербес зейнеткері, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, қорғасын зауытынң ардагерлер Кеңесінің төрағасы және қала ардагерлер Кеңесінің төрағасы болған. 1993 жылдан бастап - кәсіптікаурулар мен еңбек жарақаттары бар адамдардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшесі. АҚ «Лениногор полиметалды комбинат» ардагерлер Кеңесі кезінде құрылған Комиссия.

2014 жылы Николай Никифорович өзінің жеке мұрағатынан құжаттардың жартысын ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына өтеусіз сақтауға берді, ол «Лениногорск-Риддер қ. Құрметті азаматтар жеке құрамындағы құжаттар топтамасы» № 365 қорының № 8 тізімін құрды.

Никифор Григорьевич Колесников

Колесниковтың ауысымы

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік архив» КММРиддер филиалының архивисті Галина Давыдова.

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru